Меню

Страницы

Статья

Құрметті салық төлеушілер!

ЕАЭО шеңберінде тауарлар айналымының толассыз бақылануын қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасында ТІЖ ресімдеу бойынша пилоттық жоба басталды, ол ЭШФ АЖ "Виртуалды қойма" модулінде электрондық нысандар есімделеді.

Пилоттық жоба салық төлеушілерге ТІЖ-мен жұмыс істеуге бейімделуге, олардың есеп жүйелерін және жеткізушілер мен сатып алушылармен өзара әрекеттесуді орнатуға арналған.

ТІЖ ресімдеу бойынша пилоттық жобаны іске асыру тәртібі

  1. ТІЖ:

      1) тауарларды бөлшек саудада өткізу;

 

      2) ЕАЭО мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан және ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан магистральды құбыржол жүйесі бойынша және (немесе) электр беру желілері бойынша тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде;

      3) ЕАЭО мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағына және ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағына магистральды құбыржол жүйесі бойынша және (немесе) электр беру желілері бойынша тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан әкету кезінде;

      4) акцизделетін тауарларды, авиациялық отын мен мазутты қоспағанда, тауарларды бір тұлға шегінде және (немесе) бір тұлғаның құрылымдық бөлімшелері арасында Қазақстан Республикасының аумағында өткізу кезінде;

      5) ыдыс ДСҰ-ның алып қою тізбесіне енгізілген жағдайларды қоспағанда, қайтарылатын ыдысты тиеу кезінде;

      6) ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағы тасымалдауды бастау орны болып табылатын ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу кезінде;

      7) ДСҰ-ның алып қою тізбесінен тауарларды және (немесе) акцизделетін тауарларды және (немесе) олар бойынша виртуалды қойма арқылы ЭШФ жазып берілетін тауарларды қоспағанда, тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан межелі елі ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағы болып табылатын, ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағына әкету кезінде;

      8) "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 6, 7, 7-1-тармақтарына сәйкес өткізілетін, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының мұқтаждары үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы №104 "Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы" номенклатуралық (тізімен) сәйкес қаулысымен бекітілген экспорттық бақылауға жататын өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан әкету (аумағына әкелу) кезінде;

      9) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрамында алтыны бар өнімді өткізуі, өткізуі кезінде ресімдеуге жатпайды.

 

«Жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімі»

Дата публикации
19 апреля 2022
Дата обновления
19 апреля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы