Меню

Страницы

Статья

ЭШФ тақырыбы бойынша жариялау

Құрметті салық төлеушілер!

ҚР "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодексінің (бұдан әрі - Салық кодексі) 85-бабының 4 және 6-тармағына сәйкес, Қосылған құн салығын төлеуші осы баптың 4-тармағы 6) тармақшасының тоғызыншы абзацында көрсетілген жағдайларда, салық органының шешімі бойынша қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылған күннен бастап қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығарылды деп танылады.

Салық кодексінің 78-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес салық органдары Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің мәліметтері негізінде немесе жеке тұлғаның қайтыс болуы немесе қайтыс болды деп жариялануы себебінен салықтық өтініш бойынша салық төлеушіні салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорынан шығарады.

Салық кодексінің 412-бабының 1-тармағына сәйкес ЭШФ жазып беру жөніндегі міндеттеме келесі жағдайда қолданылады:

1) осы Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қосылған құн салығын төлеушілер;

      2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру мақсатында қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда салық төлеушілер;

      3) осы Кодекстің 416-бабында белгіленген жағдайларда, қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын комиссионер;

      4) осы Кодекстің 415-бабында белгіленген жағдайларда, қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын экспедитор;

      5) импортталған тауарларды өткізген жағдайда салық төлеушілер.

      6) мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды шығаруы кезінде мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі;

      7) электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің "Виртуалды қойма" модуліне келіп түскен тауарлар осындай салық төлеушілерге өткізілген жағдайда, қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын салық төлеушілер;

      8) құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осындай мәміле жасалған күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын азаматтық-құқықтық мәміле бойынша Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркелмеген резидент-заңды тұлғалар (мемлекеттік мекемелер мен орта білім беретін мемлекеттік ұйымдарды қоспағанда), қызметін Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, дара кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар.

      Осы тармақша патент, оңайлатылған декларация негізінде немесе шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын тұлға сатып алушы болып табылатын жағдайларды қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілері арасында азаматтық-құқықтық мәмілелер жүзеге асырылған кезде қолданылады;

      9) жүктерді халықаралық тасымалдаудың көрсетілетін қызметтері бойынша – салық төлеушілер.

      Осы тармақтың ережелері жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам болып табылатын жеке тұлға жеке мүлкін өткізген кезде қолданылмайды.

ЭШФ Салық кодексінің 413-бабында көзделген мерзімдерді бұза отырып жазып берілген жағдайда, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы"ҚР кодексінің 280-1-бабының 3-бөлігі және 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.

 

«Жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімі»

 

Дата публикации
13 апреля 2022
Дата обновления
13 апреля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы