Меню

Страницы

Статья

ЖАДЫНАМА Кірістер мен мүлік туралы декларация бойынша

Декларация нысаны

270.00 – нысан – «Кірістер мен мүлік туралы декларация».

 

«Кірістер мен мүлік туралы декларацияны» кімдер тапсыруы қажет

2021 жылы активтері мен міндеттемелері туралы Декларацияны (250.00-нысан) ұсынған жеке тұлғалар күнтізбелік жыл үшін кірістері мен мүлкі туралы Декларацияны (270.00-нысан) жыл сайын ұсынуға міндетті.

 

«Кірістер мен мүлік туралы декларацияда» көрсетілетін мәліметтер

  1. Есепті күнтізбелік жылда алынған кірістер;
  2. Салықтық шегерімдер;
  3. Мүлікті сатып алу және (немесе) иеліктен шығару фактісі;
  4. Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі шетелдік банктердегі банк шоттарындағы ақша;
  5. Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі мүлік;
  6. Нотариалды куәландырылған шарт болған кезде дебиторлық және (немесе) кредиторлық берешек.

 

Бұдан басқа, жеке тұлғалар кірістер мен мүлік туралы декларацияда есепті салық кезеңі ішінде келесі мүлікті сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздері туралы мәліметтерді көрсетеді:

1) Мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын жылжымайтын мүлікті, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлкі;

2) Мемлекеттік тіркеуге жататын механикалық көлік құралдары мен тіркемелері;

3) Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесі;

4) Бағалы қағаздар;

5) Инвестициялық алтын;

6) Туынды қаржы құралдары;

7) Тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі.

«Кірістері мен мүлкі туралы декларацияны» ұсыну мерзімі

Қағаз тасығышта-2022 жылғы 15 шілдеден кешіктірмей;

Электрондық түрде-2022 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей.

 

 

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша  мемлекеттік

кірістер басқармасының бас маманы А.М. Ахметжанова

Дата публикации
13 апреля 2022
Дата обновления
13 апреля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы