Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік – аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» № 138 қаулысының 13-тармағына сәйкес Жаңашар ауылдық округіне қарасты Космос ауылындағы Жастар көшесін Қайсенов Қабдылқайыр есіміне өзгерту туралы мәселе қаралып, тұрғындар тарапынан қолдау тапты. Құжаттар атқарушы органдарға жолданатын болады.