Меню

Страницы

Статья

«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметтінің тәртібі туралы оның ішінде www.egov.kz. «электрондық үкімет» веб порталы арқылы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 01 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын Қағидаларға сәйкес, тек «электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетіледі.

       Саймасай ауылдық округ  әкімінің  аппараттарында «электрондық үкімет»  порталымен (бұдан әрі-портал) біріктірілген «е-лицензия» ақпараттық жүйесі орнатылған және жұмыс істейді.

       Өтініш беру үшін қолданыстағы электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болуы қажет, оны порталда немесе смартфондағы eGov mobile мобильдік қосымшасында да алуға болады.

      Мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

        Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге мыналарды ұсынады:

       1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге арналған электрондық құжат нысанындағы өтініші (деректерді толтыру барысында порталда қалыптастырылады);

       2) жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген кезде, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнына тең соманы бюджет кірісіне төлеу,  қажет болған жағдайда, өзгертілген нысаналы мақсат үшін 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 9-бабы 5-тармағына сәйкес кадастрлық (бағалау) құны мен осы учаске бұрын мемлекеттен сатып алынған баға арасындағы айырмаға тең соманы бюджетке төлеу қажет болған жағдайда, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі.

Көрсетілетін қызметті берушіні таңдау кезінде тиісті облысты таңдау қажет. Егер жер учаскесі елді мекен шегінде болса, онда өтінімді сіздің жер учаскеңіз орналасқан округ әкімінің аппаратына беру қажет. Егер жер учаскесі елді мекеннен тыс жерде орналасқан жағдайда, онда өтінім аудан әкімінің аппаратына беріледі.

Қызмет көрсету мерзімі өтініш берген сәттен бастап 13 жұмыс күні.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:   көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімі не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту.

 Толық ақпаратты Балтабай ауылдық округі әкімі аппаратынан ала аласыздар. 

                                Мекен – жайымыз: Балтабай  ауылы, Қонаев  көшесі №55 А

                                Анықтамалық байланыс телефоны: 8 (72775) 50-333. 

                               «Балтабай  ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

Дата публикации
06 апреля 2022
Дата обновления
06 апреля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы