Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі нормаларын сақтауы туралы

Біз қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатын мемлекеттік қызмет атқарамыз. Мемлекеттік қызмет атқару мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қояды. Мемлекеттік қызметшілер өздерінің барлық күштерін, білімі мен тәжірибесін өздері жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсайды.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сәйкес мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесіне қойылатын негізгі талаптарды белгілейді. Кодекс қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастардың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.

Мемлекеттік қызметшілер:

- адал, әділ, қарапайым болу, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтау, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік таныту;

- олар қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз ету; - жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдер қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету;

- мемлекет мүдделеріне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігіне кедергі келтіретін немесе төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұру;

- қызметтік міндеттерін тиімді орындау үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға;;

-өзінің іс-әрекеттерімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, сындарлы сынды кемшіліктерді жою және өз қызметін жақсарту үшін пайдалануға;

-өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға қызметіне ықпал ету үшін мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде;

 - қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтау, өзінің қызметтік міндеттерін адал, әділ және сапалы орындау, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалану;

- Мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұраныстарына толықтай бағдарлай отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша тұрақты негізде шаралар қабылдау;

- заңда тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделген теріс қылықтар мен өзге де құқық бұзушылықтарды жасауға жол бермеу.

- іскерлік этикет пен ресми мінез-құлық ережелерін сақтау. Мемлекеттік қызметшінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде оның сыртқы келбеті мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуі, ресми, ұстамдылық пен ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік стильге сәйкес келуі тиіс. Мемлекеттік қызметшілер қызметтік жағдайын және онымен байланысты мүмкіндіктерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың мүдделеріне, оның ішінде оларға өзінің көзқарасын насихаттау үшін пайдаланбауға тиіс.

Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта:

- жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды ұстану, қоғамға жат мінез-құлық жағдайларына, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиетін және қоғамдық имандылықты қорлайтын мас күйінде болуға жол бермеу; - қарапайымдылық таныту, тиісті қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеу және пайдаланбау;

- өз тарапынан қоғамдық имандылыққа, тәртіп пен қауіпсіздікке қол сұғушылықпен ұштасқан заңнама талаптарын бұзуға жол бермеу және басқа азаматтарды құқыққа қарсы, қоғамға қарсы әрекеттер жасауға тартпау.

Мемлекеттік қызметшілер әріптестерімен қызметтік қарым-қатынаста:

 - ұжымда іскерлік және достық қарым-қатынастар мен сындарлы ынтымақтастықты орнатуға және нығайтуға ықпал ету;

 - басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол бермеу жөнінде өзге де шараларды қолдануға немесе жолын кесуге ;

 - ұжымдағы олардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін әріптестерінің жеке және кәсіби қасиеттерін талқылаудан бас тарту;

- әріптестерінің лауазымдық міндеттерін орындауына кедергі келтіретін әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермеу.

Мемлекеттік қызметшілер, егер ол мемлекеттік саясат және қызметтік іс-әрекет мәселелері бойынша тақырыптар туралы әңгіме болған жағдайда өз пікірін жарияламауы тиіс:

- мемлекет саясатының негізгі бағыттарына сәйкес келмейді;

 - жариялауға рұқсат етілмеген қызметтік ақпаратты ашады;

- мемлекеттің лауазымды тұлғаларының, мемлекеттік басқару органдарының, басқа да мемлекеттік қызметшілердің атына әдепсіз сөздер жазылған.

 

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер

басқармасының  бас маманы Асқаржанқызы Мақпал

Дата публикации
06 апреля 2022
Дата обновления
06 апреля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы