Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай–ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» №138 қаулысының 8-тармағының, 1), 2) - тармақшаларына сәйкес 2022 жылдың 4 сәуірі күні сағат 18:00-де Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылы, Шелек ауылдық округі әкімі аппаратының мәжіліс залында Шелек ауылының Бас жоспарына сәйкес, 237 га жаңа құрылысындағы 24 (жиырма төрт) көшеге тарихи тұлғалардың, тарихи жер-су және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атау беру (тізім бойынша) туралы жиын өтіп, көше тұрғындары тарапынан қолдау тапты. Құжаттар әзірленіп, облыстық ономастикалық комиссиясының қарауына жолданатын болады.
|
1 |
Жобаланған – 1 – Бәйдібек би |
|
2 |
Жобаланған – 2 – Төле би |
|
3 |
Жобаланған – 3 – Ахмет Байтұрсынұлы |
|
4 |
Жобаланған – 4 – Қазыбек би |
|
5 |
Жобаланған – 5 – Мағжан Жұмабаев |
|
6 |
Жобаланған – 6 – Тұрар Рысқұлов |
|
7 |
Жобаланған – 7 – Сәкен Сейфуллин |
|
8 |
Жобаланған – 8 – Бейімбет Майлин |
|
9 |
Жобаланған – 9 – Ілияс Жансүгіров |
|
10 |
Жобаланған – 10 – Қаныш Сәтбаев |
|
11 |
Жобаланған – 11 – Әйтеке би |
|
12 |
Жобаланған – 12 – Райымбек батыр |
|
13 |
Жобаланған – 13 – Әлмерек абыз |
|
14 |
Жобаланған – 14 – Байсеит батыр |
|
15 |
Жобаланған – 15 – Рақымғали Ыбырайымов |
|
16 |
Жобаланған – 16 – Садық Аманжолов |
|
17 |
Жобаланған – 17 – Бердібек Соқпақбаев |
|
18 |
Жобаланған – 18 – Баққожа Мұқаев |
|
19 |
Жобаланған – 19 – Ахметжан Шымболатов |
|
20 |
Жобаланған – 20 – Сағат Әшімбаев |
|
21 |
Жобаланған – 21 – Төкен Ұзақов |
|
22 |
Жобаланған – 22 – Шәмші Қалдаяқов |
|
23 |
Жобаланған – 23 – Нұрбапа Өмірзақов |
|
24 |
Жобаланған – 24 – Әлиасқар Исмаилов |
Қабылданған қаулы:
Шелек ауылдық округіне қарасты, 237 га жаңа құрылысындағы 24 (жиырма төрт) көшеге тарихи тұлғалардың, тарихи жер-су және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атау беру мақсатында, ауылдық округі әкімінің шешімін шығару үшін қажетті құжаттар (түсіндірме жазбаша хат, экономикалық есеп-қисап т.б.) дайындалып, аудандық өкілді және атқарушы органдарға жіберілсін.
С.Д. АБДИХАЛИЕВ,
Шелек ауылдық округі әкімі