Зейнетақы жинақтарын алуға өтініш берілген күндегі зейнетақы жинақтарының сомасы ең төмен зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда, аталған сома алушыға БЖЗҚ-дан бір рет төленеді (2022 жылы – 555 624 теңге = 12 * 46 302). Егер ЖЗШ-дағы зейнетақы жинақтарының қалдығы кезекті ай сайынғы төлемді жүзеге асырғаннан кейін ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен соманы құраса (2022 жылы – 25 212,60 теңге = 70% *36 018), бұл қалдық кезекті төлемнің сомасымен бірге төленеді.