Бұл нені білдіреді? Қазақстанда азаматтардың депозиттердегі салымдары қорғалған. Яғни, егер банк барлық банктік операцияларды жүргізу лицензиясынан айырылса, онда мемлекет салымшыларға депозиттер бойынша өтем төлеу арқылы қаражаттың сақталуына кепілдік береді. Айта кету керек, өтемақы мөлшері шектеулі. Банк салымшылары бір жыл ішінде ҚДКБҚ есебінен төлем алу үшін өтініш берулері тиіс. Алайда салымшылар өтем төлемін алу үшін уақытында жүгінбейтін жағдайлар болады. Мұндай кезде өтемақы сомасы БЖЗҚ-ға ЕЗЖ есепке алу үшін салымшының зейнетақы шотына аударылады. Егер төлем алушыда БЖЗҚ-да ЕЗЖ есепке алу бойынша зейнетақы шоты болмаса, онда шот алғашқы жарна келіп түскен кезде автоматты түрде ашылады. Егер зейнетақы шоты болса, онда қаражат осы шотқа аударылады. Бұл ретте салымшы БЖЗҚ-дан өтем сомасын қайтару үшін ҚДКБҚ-ға өтініш жасай алады. Егер қаражат қайтарылғаннан кейін ЖЗШ-да қаражат қалмаса, онда шот бір айдан кейін автоматты түрде жабылады.