Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Ммлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»Заңына сәйкес, 18 наурыз 2022 жылы «Көктөбе ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің 2021 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтері туралы есебі бойынша округ тұрғындарының қатысуымен жария талқылау өткізілді.
Жария талқылау қызмет көрсетушілердің есептілігі мен ашықтығы қағидаларын іске асыруды, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін, мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін үнемі жетілдіруді, оларды көрсету үнемділігі мен тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша жария талқылаудың барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саны, барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау және көрсетілетін қызметтерді алушылардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасына қанағаттануы туралы мәселелері қарастырылды.
Жария талқылау бойынша келесі шешім қабылданды: мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі мәліметке алынсын, атқарылған жұмыстары қанағаттанарлық деп бағалансын.
«Көктөбе ауылдық округі әкімі аппараты» ММ