Меню

Страницы

Статья

2022 жылы «Бастау Бизнеске» мына нысаналы топқа жататын тұлғалар қатыса алады:

Жұмыспен қамту санатындағылар:

Жұмыспен қамту орталығында тіркелген жұмыссыздар;

бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер (өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар қатарынан);

жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі бір жылдан кем);

жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлғалар.

Әлеуметтік санаттағылар:

Жұмыссыз жастар (29 жасқа дейін);

аз қамтылған отбасы мүшелері – атаулы әлеуметтік көмек алушылар;

көпбалалы отбасылар - көпбалалы отбасылар бойынша жәрдемақы алушылар;

қандастар, қоныс аударғандар;

мүгедектігі бар адамдар;

мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған тұлғалар үшін.

Оқытуға өтінімдер «Электрондық еңбек нарығы» Мемлекеттік ақпараттық жүйесіндегі Business.Enbek кәсіпкерлік бастамаларды қолдаудың бірыңғай онлайн терезесі арқылы қабылданады.
          Үміткер өтінімді порталда бергеннен кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде нысаналы топқа тиесілігі тексеріледі.
Business.Enbek порталында мақұлдағаннан кейін өтінім онлайн-оқудан өту үшін автоматты түрде Atameken Academy порталына жіберіледі.
Курсты Atameken Academy порталында онлайн оқиды. Оқу ұзақтығы күнтізбелік 25 (жиырма бес) күннен аспайды және тегін өтеді.
Оқыту нәтижелері бойынша қатысушыға тиісті сертификат беріледі:

оқуды аяқтау туралы сертификатты бизнес-жоспарды дайындаған және бизнес-жоспарды бағалау мен қорытынды тестілеудің қорытындылары бойынша қажетті балл санын – кемінде 60% жинаған қатысушылар ала алады;

оқуға қатысу туралы сертификатты құзыреттілік деңгейін арттырған, бірақ оқу аяқталған кезде әзірленген бизнес-жоспары жоқ немесе бизнес-жоспардан теріс баға алған қатысушылар ала алады.

Оқуды аяқтау туралы сертификат үш жылға жарамды.

Дата публикации
11 марта 2022
Дата обновления
11 марта 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы