Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасы мен тәртіптік жаза қолдану мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру мақсатында ҚР Президентінің 2022 жылғы 22 ақпандағы Жарлығымен Қазақстан мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің жаңа редакциясы бекітілді.

Жаңа Әдеп кодексі қызметтік әдеп стандарттарын белгілейді және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру үшін негіз болады.

Сондай – ақ, мемлекеттік қызметтің этикалық қағидаттары-адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық және клиентке бағдарланушылық айқындалды.

Кодекстің жаңа редакциясында "клиентке бағдарланған" мемлекеттік аппаратты қалыптастыру және Мемлекеттік қызметтерді көрсетуде ашықтық қағидаттарын сақтау бойынша басым талаптар көзделген.

Бұдан басқа, мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидалары мен Әдеп жөніндегі кеңестер туралы ережеге өзгерістер енгізілді.

Тәртіптік жаза қолдану қағидаларында қызметтік тергеу жүргізу, дискомиссия материалдарын қарау тәртібі және дискомиссияның ұсынымы бойынша уәкілетті адамның шешім қабылдау мерзімдері нақтыланды.

Сонымен бірге Агенттіктің Әдеп жөніндегі комиссиясына қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны және беделін түсіретін теріс қылықтар жасағаны үшін облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің орынбасарларының, облыстардың, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстар аудандары мен қалалардағы аудандардың әкімшілік орталықтары болып табылатын қалалар әкімдерінің, комитеттер төрағаларының, сондай-ақ облыстар әкімдері аппараттары басшыларының тәртіптік жауаптылығын қарау өкілеттігі берілген.

 

 

Заңды тұлғаларды  әкімшілендіру

бөлімінің бас маманы

Г.А.Газамова

Дата публикации
10 марта 2022
Дата обновления
10 марта 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы