Меню

Страницы

Статья

Жаңашар ауылдық округі тұрғындарының назарына!

        Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атауберу, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту туралы  № 138  қаулысына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, 2022 жылғы сәуір айының 04-і күні сағат 15-00-да Жаңашар ауылдық округі әкімі аппаратының мәжіліс залында Жаңашар ауылдық округіне қарасты Космос ауылындағы Жастар көшесін Қайсенов Қабдылқайыр есіміне өзгерту туралы мәселе қаралатындығын хабарлаймыз.

Түсіндірме жазбаша хат

      Қабдылқайыр Қайсенов 1928 жылы 10 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Асыбұлақ ауылында дүниеге келген.

      Ұлы Отан соғысы кезінде шахтада жұмыс істеді. Соғыс біткеннен кейін Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік институтына, филология факультетіне түсіп, қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәндерінің мұғалімі мамандығын алды.

       Қабдылқайыр Қайсенов еңбек жолын 1955 жылы Семей облысы, Жарма станциясы, № 27 Теряев атындағы орта мектебінде қазақ тілі, қазақстан тарихы пәндері мұғалімі және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметінен бастайды.

      1978 жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Жаңашар селолық округі, Жаңашар ауылы Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінде және Космос ауылындағы бұрынғы Ушинский атындағы 8 жылдық мектепте директор болып қызмет жасады. 

      1986 жылы Қабдылқайыр Қайсеновтың ұсынысымен Космос ауылына үлкен жалпы орта білім беретін мектеп салынып, мектепке Жер жәннәті Жетісудің ақын-жазушысы, қазақ сөз өнерінде қайталанбас дарын иесі Ілияс Жансүгіровтың есімі берілді.

       Қабдылқайыр Қайсенов Ұлы Отан соғысының тыл ардагері, білім беру саласының үздік оқытушы, Еңбекшіқазақ ауданының Құрметті азаматы, Қазақ ССР-нің Жоғарғы және министрлер кеңестерінің медаль, грамоталарымен марапатталған.

        Қабдылқайыр Қайсенов көптеген шәкірттер тәрбиеледі. Олардың ішінде өндіріс жетекшілері, мұғалімдер, инженерлер, академиктер, профессорлар бар.

       Отбасында жары Бабықпаева Тұрсынғайша екеуі 2 ұл, 2 қыз тәрбиелеп өсірді. 1988 жылы құрметті  зейнет демалысына шықты. Зейнет демалысында жүрсе де ауылымыздың жанашыры, ақылшысы, сыйлы және құрметті ақсақалы болды.Ол кісі өте қарапайым, мінезі ашық, кішіге үлгі,үлкенге сыйлы, қолы ашық жомарт жан еді. Қабдылқайыр Қайсенов 2015 жылдың 4 мамырында  87 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.

    Бұл түсіндірме жазбаша хат Космос ауылы тұрғындарының сұранысы бойынша жазылды.   

Дата публикации
04 марта 2022
Дата обновления
04 марта 2022
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

21 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы