Меню

Страницы

Статья

ТІЖ қандай мерзімде рәсімдеу қажет?

Жүйеде ТІЖ ресімдеу үшін кәсіпкерлер мен ұйымдарға берілетін мерзім өте шектеулі. Салық төлеушіге жүкқұжатты рәсімдеуге уақыт қажет:

  • тауар ел ішінде қозғалған кезде –тиеп –жөнелту рәсімі басталған күні;
  • ЕАЭО –ға кірмейтін мемлекеттердің аумағынан импортталған кезде-тауарлар еркін сатуға шығарылғаннан кейін бірден (келесі күннен кешіктірмей);
  • ЕАЭО-ға кіретін елдердің аумағынан импортталған кезде-ҚР шекарасын кесіп өткен күнге дейін бір күн бұрын;
  • экспорт кезінде-Қазақстан Республикасының шекарасынан өткен күннен кешіктірмей тауар қозғалысының басталу күні.

ТІЖ тиімділігі:

құжат айналымын оңайлату; салық салынатын базаны есептеу; кедендік және салықтық әкімшілендіру.

ТІЖ өзінің тек электрондық нысанына қарамастан, толыққанды бастапқы бухгалтерлік құжат болып танылады және тауарға ілеспе құжаттар пакетінің құрамына кіреді. Бұл сатушы (импорттаушы) салық және кеден органдарына қағаз жүкқұжаттарын ұсынбай, тауарларды әкелу немесе жөнелту кезінде ТІЖ қолдана алатындығын білдіреді

Мынадай жағдайларда қазақстандық кәсіпкерлер мен ұйымдар ТІЖ ресімдейді:

тауарларды ел ішінде сату, жөнелту, өткізу кезінде; Қазақстанға тауарлар импорты кезінде; ҚР шекарасынан тауарлар экспорты кезінде.

ТІЖ шығару бойынша міндет Тізбеде көрсетілген тауарларды өткізетін, әкелетін және әкететін барлық салық төлеушілерге, олардың ұйымдастыру нысанына (ЖК, ЖШС) қарамастан жүктелген.

Әдепкі құжат теңгемен жазылады, жағдайларды қоспағанда

0% ҚҚС ставкасы бойынша экспорт (ҚР СК 386, 446, 449-Б.); 0% ҚҚС ставкасы бойынша айналым (ҚР СК 393-Б. 3-т.).

Импорт кезінде ТІЖ теңгемен немесе инвойста көрсетілген валютамен жазылады.

ТІЖ ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлардың тізбесі:

* Этил спиртіжәне алкоголь өнімі

* Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері

* Биоотын

* Темекі өнімдері

* ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы алып қоюлар тізбесіне енгізілген тауарлар (Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 59 шешімі)

* Халықаралық шарттарға және ҚР заңнамасына сәйкес таңбалауға жататын тауарлар.

* Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан ҚР аумағына әкелінетін тауарлар.

* ҚР аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына шығарылатын тауарлар.

* Электрондық шот-фактуралар Виртуалды қойма арқылы жазылатын тауарлар (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі №384 бұйрығы)

«Жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімі»

 

В какой срок необходимо оформить СНТ?

Срок, который дается предпринимателям и организациям для оформления СНТ в системе весьма ограничен. Налогоплательщику необходимо успеть оформить накладную:

  • при движении товара внутри страны –в день начала процедуры отгрузки;
  • при импорте с территории государств, не входящих в ЕАЭС –сразу после выпуска товаров в свободную продажу (не позднее следующего дня);
  • при импорте с территории стран, входящих в ЕАЭС –за день до дня пересечения границы РК;
  • при экспорте –не позднее дня начала движения товара.
Дата публикации
03 марта 2022
Дата обновления
03 марта 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы