Қоғамдық жұмыстар – аумақтық бойынша пробация қызметі орындайтын қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түрлерінің бірі. Еңбекшіқазақ аудандық пробация қызметінің бөлімі қоғамдық жұмыстар түріндегі жазасын өтеп жатқан сотталғандарды тұрғылықты мекен-жай бойынша жергілікті атқарушы органдарға жіберіледі. Қоғамдық жұмыстар сотталғанды негізгі жұмыс орны бойынша еңбек міндеттерін орындау уақытында немесе оқудан бос уақытында күніне төрт сағаттан аспайтын мерзімде босатыла отырып жүргізіледі. Тұрақты жұмыс орны жоқ және білім беру ұйымдарында оқымайтын сотталғандарға қоғамдық жұмыстар тәулігіне сегіз сағатқа дейін, бірақ аптасына қырық сағаттан аспауы керек. Еңбекшіқазақ аудандық пробация қызметі Алматы облысы бойынша ҚАЖ Департаменті.