Меню

Страницы

Статья

ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай–ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» №138 қаулысының 8-тармағының, 1), 2) - тармақшаларына сәйкес 2022 жылдың 4 сәуірі күні сағат 18:00-де Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылы, Шелек ауылдық округі әкімі аппаратының мәжіліс залында өтетін жиынның күн тәртібінде тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Шелек ауылының Бас жоспарына сәйкес, 237 га жаңа құрылысындағы 24 (жиырма төрт) көшеге тарихи тұлғалардың, тарихи жер-су және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атау беру (тізім бойынша) туралы мәселе қаралатындығын хабарлаймыз.

1

Жобаланған – 1 –  Бәйдібек би

2

Жобаланған – 2 –  Төле би

3

Жобаланған – 3 –  Ахмет Байтұрсынұлы

4

Жобаланған – 4 –  Әміре Қашаубаев

5

Жобаланған – 5 –  Мағжан Жұмабаев

6

Жобаланған – 6 –  Тұрар Рысқұлов

7

Жобаланған – 7 –  Сәкен Сейфуллин

8

Жобаланған – 8 – Бейімбет Майлин

9

Жобаланған – 9 – Ілияс Жансүгіров

10

Жобаланған – 10 – Қаныш Сәтбаев

11

Жобаланған – 11 – Сәбит Мұқанов

12

Жобаланған – 12 – Ғабит Мүсірепов

13

Жобаланған – 13 – Ғабиден Мұстафин

14

Жобаланған – 14 – Әлкей Марғұлан

15

Жобаланған – 15 – Дінмұхамед Қонаев

16

Жобаланған – 16 – Тұран

17

Жобаланған – 17 – Алтынемел

18

Жобаланған – 18 – Жайық

19

Жобаланған – 19 – Хантау

20

Жобаланған – 20 – Айнабұлақ

21

Жобаланған – 21 – Қаратал

22

Жобаланған – 22 – Шарын

23

Жобаланған – 23 – Шеңгелді

24

Жобаланған – 24 - Сарайшық

 

Түсіндірме жазбаша хат

Жер мен көше атаулары – ұлттық тарихи санамыздың қайнар көзі. Тарихи тұлғалардың, тарихи жер-су, ұлттық танымымызға жақын дәстүрлі атаулар арқылы  болашағымызға тарихымызды таныту азаматтық парызымыз болып табылады.

 

 

Бәйдібек би

(VI-VII ғғ. өмір сүрген) Қазақ елі мен жерінің тұтастығын қалыптастыру жолындағы аты аңызға айналған тұлға.

Төле би

(1657-1756 жж.) Қазақтың аса көрнекті биі.

Ахмет Байтұрсынұлы

(1872-1937 жж.) Алаш қайраткері,  ағартушы, ғалым-лингвист.

Әміре Қашаубаев

(1888-1934 жж.) 1925 жылы Францияда, 1927 жылы Германияда өнер көрсеткен қазақ әншісі.

Мағжан Жұмабаев

(1893-1938 жж.) Көрнекті қазақ ақыны, жазушы.

Тұрар Рысқұлов

(1894-1938 жж.) Көрнекті мемлекет қайраткері, дипломат.

 

Сәкен Сейфуллин

(1894-1938 жж.) Қазақтың көрнекті ақын-жазушысы, мемлекет қайраткері.

Бейімбет Майлин

(1894-1938 жж.) Көрнекті қазақ жазушысы.

Ілияс Жансүгіров

(1894-1938 жж.) Көрнекті қазақ ақыны.

Қаныш Сәтбаев

(1899-1964 жж.) Қазақ КСР ҒА-ның тұңғыш президенті, аса көрнекті геолог-ғалым.

Сәбит Мұқанов

(1900-1973 жж.) Көрнекті қазақ жазушысы.

 

Ғабит Мүсірепов

(1902-1985 жж.) Көрнекті қазақ жазушысы.

Ғабиден Мұстафин

(1902-1985 жж.) Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері.

Әлкей Марғұлан

(1904-1985 жж.) Танымал қазақ тарихшысы, археолог-ғалым, академик.

Дінмұхамед Қонаев

(1912-1993 жж.) Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері.

Тұран

Түркістан өлкесінің көне атауы.

Алтынемел

Жетісу өңіріндегі тарихи мекен.

Жайық

Қазақстанның батысындағы ірі өзен.

Хантау

тау атауы, осы өңірде Қазақ хандығы құрылған.

Айнабұлақ

Айнадай жарқыраған мөлдір таза, тұнық бұлақ. Түрксіб темір жолының құрылысы осы Айнабұлақта түйіскен тарихи жер.

Қаратал

Бетеге, боз, селеу, айрауық, шалғынды шөп өскен қызғылт қоңыр, қара топырағына сйкес аталған. Қаратал – талдың бір түрі болуы ықтимал.

Шарын

Өзен атауы. Шатқал.

Шеңгелді

«Шеңгел қалың өскен жер», «шеңгелі көп» мәніндегі атау. Елді мекен атауы.

Сарайшық

орта ғасырлық қала, Алтын Орданың ірі сауда және экономикалық орталығы болған.

 

 С.Д. АБДИХАЛИЕВ,

Шелек ауылдық округі әкімі

Дата публикации
02 марта 2022
Дата обновления
02 марта 2022
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

21 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы