2022 жылдың 08, 10, 24 ақпан күндері Сатай ауылының фельдшерлік пунктінде, Талдыбұлақ ауылының орта мектебінің ғимаратында және ауылдық округі әкімі аппаратында 2021 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі «Қаракемер ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі есебінің жария талқылауы өтті. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі жария талқылаудың барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саны, барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау және көрсетілетін қызметтерді алушылардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасына қанағаттануы мәселелері қарастырылды.
Жария талқылаудың нәтижесі бойынша келесі шешім қабылданды: мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі мәліметке алынсын, атқарылған жұмыстары қанағаттанарлық деп бағалансын.
«Қаракемер ауылдық округі әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесі