Жалпы ережелер
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша "Балтабай ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ қызметінің негізгі бағыттары:
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету
- мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасау
- көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсынуға;
- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру
- көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын заңнамада белгіленген мерзімдерде қарауға және оларды қарау нәтижелері туралы хабардар етуге міндетті
- көрсетілетін қызметті алушылардың сұрау салуы бойынша Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындалу сатысы туралы хабардар ету
- қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды.
Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер: "Балтабай ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ, пошталық мекенжайы: 040418, Балтабай ауылы, Қонаев көшесі 55 а, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы.
2021 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
Балтабай ауылдық округі әкімінің аппаратымен 2021 жылы Мемлекеттік қызмет реестріне сәйкес мемлекеттік қызметтің жеті түрі көрсетілді:
1) мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою,
2) шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну,
3) жер учаскесін алуға кезекке қою,
4) жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру,
5) елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру,
6) бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сату,
7) Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу.
- Көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 50
– мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою-жоқ
- шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну – жоқ
- жер учаскесін алу үшін кезекке қою-43
- жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру-1
- елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру-жоқ
- бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сату -жоқ
- Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу) - 6
ХҚКО арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны-жоқ
Тегін негізде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны - 50, ақылы негізде-жоқ
Қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны - 50
Бекітілген стандарттар саны - 7 , регламенттер саны – 7
Балтабай ауылдық округі бойынша сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер: жер учаскесін алу үшін кезекке қою.
2021 жылы Балтабай ауылдық округінің ММ өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында 1241 электрондық қызмет көрсетілді (2020 жылы - 571).
Округ әкімі аппаратының ғимаратында Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараты бар 3 стенд ілінген. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында округте мемлекеттік қызметті электронды түрде алу тәртібі туралы оқыту бейнероликтерін көрсету және қызмет алушылардың мемлекеттік қызметті алуға құқықтары мен мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдану тәртібі туралы кітапшалар тарату арқылы халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, бақылау камералары орнатылған.
2021 жылдың кезеңінде" Еңбекшіқазақ " газетінде және аудан әкімінің веб-сайтында ауылдық округ әкімдігімен халыққа мемлекеттік қызметтерді алудың артықшылықтарын түсіндіру және мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алу бойынша 5 мақала орналастырылды, мемлекеттік қызметтер туралы заңнаманы түсіндіру бойынша 6 семинар өткізілді. 2021 жылдың қыркүйегінде "Instagram" мессенджерінде Мемлекеттік қызметтерді алу бойынша тікелей эфир өткізілді, нақты қызметтерді алу бойынша 2 бейнеролик жасалды және ілінді, қоғамдық орындарда 1 постер, 1 плакат, 2 билборд, мемлекеттік қызметтерді көпшілікке тарату бойынша 1 стенд жасалды.
"Балтабай ауылдық округі әкімінің аппараты "ММ мамандары 2021 жылы ауылдық округтің 689 азаматының қатысуымен "Азаматтарға арналған электрондық үкімет" eGov арқылы сапалы мемлекеттік қызметтерді алу, үшінші тұлғалардың электрондық анықтамаларды тегін алу сервисі, бір реттік пароль арқылы, яғни ХҚКО бармай және ЭЦҚ пайдаланбай, сондай-ақ мессенджер, TelegramEgovKzBot сервисі арқылы нақты уақыт режимінде 5 жәрмеңке және 3 акция өткізді. Әкімдікте өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы электрондық қызметтерді алу мүмкіндігі туралы.Сондай-ақ"Digital agent" - "нақты уақыт режимінде Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау"мобильдік қосымшасы туралы түсініктеме берілді.
2021жылдың сәуір айында аудан әкімінің веб-сайтында 2020 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша "Балтабай ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ қызметі туралы есеп орналастырылды.
Мемлекеттік қызметтер көрсету Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін оңтайландыру және автоматтандыру үшін округте ХҚКО филиалдарын ашу қажет.
2021 жыл кезеңінде қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігі мен сапасына қызмет алушылардың қанағаттануын одан әрі арттыру үшін азаматтардың тұрғылықты жері бойынша көрсетілетін қызметтер спектрін кеңейту қажет.
Ауылдық округ әкімі Ж. Мықыбаев