Меню

Страницы

Статья

«Ават ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2021 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

              «Ават ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша негізгі бағыттары:

- мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарға сәйкес көрсетіледі;

- мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасайды;

- көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсынады;

- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттырады;

- көрсетілген қызметті алушылардың құқықтарының, заңды мүдделерінің бұзылуына қарсы шаралар қабылдайды;

            Қызметті беруші туралы мәлімет: «Ават ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, мекен-жайы: 040405  Ават ауылы, Тәуелсіздік көшесі № 88,  Еңбекшіқазақ ауданы Алматы облысы.

        2021 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: Ават ауылдық округі әкімінің аппаратында 2021 жылы 5 (бес) түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетілді:

  1. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою;

      2.Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;

      2.Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру;

      4.Сауда – саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;

  1.   Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату.

           Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері 2 маманның функионалдық міндеттеріне енгізілген, өкіммен бекітілген және Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің ресми сайтында аталған мамандардың байланыс телефондары,  қабылдайтын күндері көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша ішкі бақылауды жүргізу Ават ауылдық округі әкімінің орынбасары С.Б.Казиевке 2020 жылдың 06 мамырдағы №22 өкіммен жүктелген және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасына ішкі бақылау жасау бойынша есепті және ақпаратты (деректерді) жинақтауға және аудан әкімі аппаратына жолдауға бас маман М.И.Суимбаеваға жүктелген.

         2021 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны барлығы –49, оның ішінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің тегін көрсетілгені –49, ақылы негізіндегі көрсетілгені – жоқ.

-қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 30.

- "Е-Лицензиялау" МДҚ электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны -19.

-электрондық Үкімет порталына жүгіну мүмкіндігі бар өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы  көрсетілген мемлекеттік қызметтер  саны –1175.        

     Есепті кезеңде қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсетуде бұзушылық болған жоқ.

     -Бекітілген көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарының саны–5.

           Округ әкімі аппаратының ғимаратында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпараттарға қол жеткізу көздері мен мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараты бар стенд ілінген және әкімшілік ғимаратының 1-ші қабатында жеке кабинет дайындалды. Сол кабинетте электрондық үкімет порталына жүгіну мүмкіндігі бар «өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышы» жасалынды. Жабдықтау жұмыстары жүргізілді. Балаларға арналған бұрыш, нашар көретін адамдарға Брайль қаріпі, диспенсер, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған шақыру түймесі, көліктеріне тұрақ бар.

         Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында округте мемлекеттік қызметті электронды түрде алу тәртібі туралы оқыту бейнероликтерін көрсету және қызмет алушылардың мемлекеттік қызметті алуға құқықтары мен мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдану тәртібі туралы кітапшалар тарату арқылы халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

         2021 жылдың кезеңінде "Еңбекшіқазақ" газетінде,инстаграм желісінде және аудан әкімінің веб-сайтында халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары  және мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алудың артықшылығын түсіндіру бойынша 20 мақала орналастырылды. "Ават ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ-ң мамандарымен 2021 жылы ауылдық округтің 324 азаматтың қатысуымен Egov-Электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы қашықтықтан ЭЦҚ алу жəне eGov mobile мобильді қосымшасын пайдалану жəне мобильді қосымша арқылы қызметтерді алу туралы  нақты уақыт режимінде  семинарлар және акциялар өткізілді. Өткізілген іс-шаралар саны- 26.

 

       

 

      Ават ауылдық округінің әкімі                             Т.Мадьяров

 

 

 

 

Орынд: М.Суимбаева 

тел.: 64-2-16

Дата публикации
23 февраля 2022
Дата обновления
23 февраля 2022
Тип
Есеп

Сейчас читают

14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы