Меню

Страницы

Статья

«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету тәртібі

        Аталған мемлекеттік көрсетілетін қызметті «Қаракемер ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі көрсетеді.

       Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап – 12 (он екі) жұмыс күні;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін барынша жол берілетін күту уақыты – 15 (он бес) минут;

       Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті арнайы есепке алғаны туралы хабарламасы не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

      Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызмет жер учаскесінің орналасқан жері бойынша алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі), оның ішінде жеңілдіктері бар адамдар көрсетілетін қызметті берушіге бір данада мыналарды ұсынады:

       1) нысан бойынша жер учаскесін алу үшін кезекке қоюға арналған өтініш;

       2) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін).

       Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

       2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айрылуы.

Толығырақ ақпаратты «Қаракемер ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ алуға болады.

Мекенжайымыз: Қаракемер ауылы, Тастанбеков көшесі,6

Тел.: 87277549129

Дата публикации
21 февраля 2022
Дата обновления
21 февраля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы