Еңбекшіқазақ ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, 106101, 106202 БЖК-нан есепке жатқызуға жол берілмейтінін хабарлайды. Бұл БЖК деректері бойынша көрсетілген қайтарудың негізділігін растайтын құжаттардың негізінде ғана қайтаруға болады. Салықтық БЖК-дан кедендік БЖК-ға, сондай-ақ кедендік БЖК-дан салықтық БЖК-ға есепке жатқызуға жол берілмейді және тыйым салынады. Кедендік БЖК қайтару осы қайтарудың негізділігін растайтын құжаттардың негізінде жүргізіледі (кедендік блокты растау, жеке кәсіпкердің жазбаша түсіндірмесі, төлем құжаты және т.б.), сондай-ақ 106104 және 106105 БЖК бойынша қайтаруға жол берілмейтінін еске саламыз. Олар бойынша қайтаруды Алматы облысының барлық кеден бекеттерінен және Алматы қаласы МКД бекеттерінен растау ұсынылған жағдайда ғана жүргізуге болады.
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша МКБ есепке алу, талдау және ақпараттық технологиялар бөлімі