Меню

Страницы

Статья

Құрметті салық төлеушілер!

ЕАЭО шеңберінде тауарлар айналымының толассыз бақылануын қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасында ТІЖ ресімдеу бойынша пилоттық жоба басталды, ол ЭШФ АЖ "Виртуалды қойма" модулінде электрондық нысандар есімделеді.

Пилоттық жоба салық төлеушілерге ТІЖ-мен жұмыс істеуге бейімделуге, олардың есеп жүйелерін және жеткізушілер мен сатып алушылармен өзара әрекеттесуді орнатуға арналған.

Пилоттық жоба Қазақстан Республикасының аумағында іске асырылуда:

акцизделетін өнімдер, Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкету, сондай-ақ по виртуалды қойма арқылы ЭШФ жазып беруге жататын тауарлар бойынша 2020 жылғы 31 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 1 сәуірге дейін;
      ДСҰ алып қою тізбесінің тауарлары және цифрлық таңбалау қолданылатын тауарлар бойынша 2021 жылғы 1 қазаннан бастап 2022 жылғы 1 тамызына дейін;
      ЭШФ Виртуалды қойма арқылы шығарылуға жататын құрылыс материалдары бойынша 2022 жылғы 1 ақпаннан бастап 2022 жылғы 1 қарашаға дейін.ТІЖ ресімдеугежатады:

1) Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетін тауарларды өткізу және (немесе) өткізу кезінде;

2) Қазақстан Республикасының аумағында ДСҰ-ны алып қою тізбесінен тауарларды өткізу кезінде;

3) тауарларды жеңіл автокөлікпен әкелуді қоспағанда, тауарларды ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде;

4) ДСҰ-ны алып қою тізбесінен тауарларды және (немесе) акцизделетін тауарларды және (немесе) электрондық шот-фактуралар Виртуалды қойма арқылы шығарылуға жататын тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағына әкету кезінде;

5) Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарларды жеңіл автокөлікпен әкетуді қоспағанда, тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына әкету кезінде;

6)Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік меншікке айналдырылған мүлікті өткізу кезінде;

7) Электрондық шот-фактуралар Қазақстан Республикасының аумағында Виртуалды қойма арқылы жазып берілуге жататын тауарларды өткізу кезінде жүзеге асырылады.

ТІЖ ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлардың тізбесі:

* Этил спиртіжәне алкоголь өнімі

* Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері

* Биоотын

* Темекі өнімдері

* ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы алып қоюлар тізбесіне енгізілген тауарлар (Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 59 шешімі)

* Халықаралық шарттарға және ҚР заңнамасына сәйкес таңбалауға жататын тауарлар.

* Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан ҚР аумағына әкелінетін тауарлар.

* ҚР аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына шығарылатын тауарлар.

* Электрондық шот-фактуралар Виртуалды қойма арқылы жазылатын тауарлар (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі №384 бұйрығы)

 

«Жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімі»

Дата публикации
14 февраля 2022
Дата обновления
14 февраля 2022
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

21 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы