Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес, 11ақпан 2021 жылы «Сөгеті ауылдық округі әкімі аппаратының» мемлекеттік мекемесінде 2021 жылғы көрсетілген мемлекеттік қызметтерт туралы есебі бойынша ауыл тұрғындарының қатысуымен жария талқылау өткізілді.
Жарията талқылау қызмет көрсетушілердің есептілігі мен ашықтығы қағидаларын іске асыруды, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін, мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін үнемі жетілдіруді, оларды көрсету үнемділігі мен тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша жария талқылау барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саны, барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау және көрсетілетін қызметтерді алушылардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына қанағаттануы туралы мәселелері қарастырылды.
Жария талқылау бойынша келесі шешім қабылданды: мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі мәліметке алынсын, атқарылған жұмыстары қанағаттанарлық деп бағалансын.
«Сөгеті ауылдық округі әкімі аппараты» ММ