Меню

Страницы

Статья

Қайтыс болған жеке тұлғаның салықтық берешегін өтеу

САЛЫҚ ЖӘНЕ БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН БАСҚА ДА МІНДЕТТІ ТӨЛЕМДЕР ТУРАЛЫ (САЛЫҚ КОДЕКСІ)

47-бап. Қайтыс болған жеке тұлғаның салықтық берешегін өтеу

  1. Жеке тұлғаның қайтыс болған күніне немесе соттың күшіне енген шешімі негізінде оны қайтыс болды деп жариялау күніне жиналып қалған салықтық берешегін оның мұрагері (мұрагерлері) мұраға қалдырылған мүліктің құны шегінде және мұраны алған күнге ондағы үлесіне пропорционалды түрде өтейді.

      Егер қайтыс болған жеке тұлғаның, сондай-ақ соттың күшіне енген шешімі негізінде қайтыс болды деп жарияланған жеке тұлғаның мүлкі салықтық берешекті өтеу үшін жеткіліксіз болса, онда салықтық берешектің өтелмеген бөлігін салық органы мүліктің жеткіліксіздігі туралы сот шешімі негізінде есептен шығарады.

  1. Егер мұрагер (мұрагерлер) кәмелетке толмаған (кәмелетке толмағандар) болса, онда жеке тұлғаның қайтыс болған күніне немесе оны қайтыс болды деп жариялау күніне жиналып қалған салықтық берешегін өтеу жөніндегі міндеттеме соттың күшіне енген шешімі негізінде ғана мұндай мұрагерге (мұрагерлерге) мұраға қалдырылған мүліктің құны шегінде және мұраны алған күнге ондағы үлесіне пропорционалды түрде жүктеледі.
  2. Жеке тұлғаның қайтыс болған күніне немесе соттың күшіне енген шешімі негізінде оны қайтыс болды деп жариялау күніне жиналып қалған салықтық берешегі, егер:

      1) кәмелетке толмаған мұрагер (мұрагерлер) соттың күшіне енген шешімі негізінде осындай берешекті өтеу жөніндегі салықтық міндеттемеден босатылған;

      2) мұрагері (мұрагерлері) жоқ болған жағдайларда, өтелген болып саналады.

       Сот жеке тұлғаны қайтыс болды деп жариялау туралы шешімнің күшін жойған кезде бұрын салық органы есептен шығарған салықтық берешектің күші осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзіміне қарамастан, сот тәртібімен қайта басталады.

  1. Осы баптың ережелері дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам қайтыс болған немесе соттың күшіне енген шешімі негізінде қайтыс болды деп жарияланған күніне жиналып қалған салықтық берешекті өтеу кезінде қолданылады.

 

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша МКБ ның                                    Заңды тұлғаларды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы    Тураров А.А.

 

Дата публикации
10 февраля 2022
Дата обновления
10 февраля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы