1) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары бойынша – фискалдық деректер операторының мәліметтері;
2) деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналары бойынша – бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтініш бойынша жүзеге асырылады.
Бұл ретте деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары туралы мәліметтерді фискалдық деректер операторы салық органдарына уәкілетті орган айқындаған тәртіппен береді.
1) бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтініш;
2) фискалдық режимді орнатпастан іске қосу мүмкін болатын, салық төлеуші туралы мәліметтер қамтылатын бақылау-касса машинасы;
3) нөмірленген, тігілген, салық төлеушінің қолымен және (немесе) мөрімен куәландырылған қолма-қол ақшаны есепке алу кітабы мен тауар чектерінің кітабы ұсынылады.
1) бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтініш;
2) аппараттық-бағдарламалық кешеннің функционалдық мүмкіндіктері мен сипаттамаларының қысқаша сипаты;
3) салық органында есепке қою үшін өтініш жасалған аппараттық-бағдарламалық кешен моделінің "Салық инспекторының жұмыс орны" модулін пайдалану жөніндегі нұсқаулық ұсынылады.
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының өндірістік емес төлемдерді және жеке кәсіпкерлерді әкімшілендіру бөлімінің бас маманы Даулетқызы Д.