Еңбекшіқазақ ауданы әкім аппараты АХАТ бөлімінің басшысы Г.Кульжабаева 2022 жылдың 9 ақпанында АХАТ бөлімінің қызметкерлерімен «Неке және отбасы» туралы Кодексінің 240 бабына 20.12.2021 жылғы №84-VII Заңымен өзгеріс енгізілгенін атап өтіп, Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы бірлескен өтініш берілген күннен бастап бір ай мерзім өткеннен кейін некені (ерлі-зайыптылықты) бұзушылардың өздері қатысқан кезде жүргізеді. Мерзімнің өтуі өтініш берілгеннен кейінгі келесі күннен басталады және келесі айдың тиісті күнінде бітеді. Егер бұл күн жұмыс күніне тура келмесе, онда одан кейінгі жұмыс күнi мерзiмнiң аяқталған күнi болып есептеледі.
Айлық мерзімнің қысқартылуы мүмкін емес. Егер ерлі-зайыптылар некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін өздеріне белгіленген күні тіркеуші органға келе алмаса, олар тіркеуші органға некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтінішпен қайтадан жүгіне алады, ол некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін қайтадан айлық мерзімді тағайындайды. Егер ерлі-зайыптылардың бірі некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы арызды қайта бергеннен кейін некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін тіркеуші органға келе алмаса, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға оның нотариатта куәландырылған келісімі болған кезде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу ол болмағанда жүргізілуі мүмкін екенін түсіндіріп және АХАТ қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің «Әдеп кодексінде» көрсетілген қағидаларды түсіндіріп, оқыту семинарын өткізді.