Меню

Страницы

Статья

Хабарландыру

​​Қор бір жылдан астам уақыт бойы толтырылмайтын жеке зейнетақы шоттарының иелеріне қоңырау шалады, өйткені тек тұрақты және толық көлемде зейнетақы жарналары зейнетақы капиталын қалыптастыруға және еңбек қызметі аяқталғаннан кейін лайықты зейнетақы төлемдерімен қамтамасыз етуге ықпал етеді. 

 

Мысалы, 2021 жылы БЖЗҚ қызметкерлері 662 мың белсенді емес «ұйқыдағы шоттарының» иелерімен байланыс орнатты. Олардың ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар, сондай-ақ, зейнетақы жарналарын уақытша төлемейтін азаматтар санаты-бір жылдан астам бала күтімі бойынша демалыста жүргендер, оқушылар, практиканттар, тағылымдамадан өтушілер, үй шаруасындағы әйелдер, әскери қызметшілер, сотталғандар. «Ұйқыдағы» шоттардың иелері арасында жұмыс беруші жарна аудармайтынын білмейтіндер де бар. 

 Жүргізілген жұмыс нәтижесінде 2021 жылдың өзінде 138 мың жеке зейнетақы шотына жалпы сомасы 6,4 миллиард теңгеге 696 мың жарна келіп түсті.

 БЖЗҚ қызметкерлері қоңырауды жүзеге асыра отырып, өздерін таныстыруға, өз қызметін атауға және өтінішінің мақсатын түсіндіруге міндетті. Сондай-ақ, қызметкерлер салымшылардың жеке деректерін сұрамайды: жеке зейнетақы шотының жай-күйі, банк деректемелері, жұмыс орны және т.б. адамның қазіргі уақытта жұмыссыз болып табылатындығы ғана анықталуы мүмкін. Бұл жағдайда бірыңғай жиынтық төлемді төлеу шеңберінде өзіңіздің міндетті зейнетақы шотыңызды қалай толықтыруға болатыны, қандай артықшылықтар беретіні, ерікті зейнетақы шотын қалай ашуға және толықтыруға болатыны және т.б. ұсыныстар беріледі.

 

#БЖЗҚ

Дата публикации
09 февраля 2022
Дата обновления
09 февраля 2022
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

21 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы