Меню

Страницы

Статья

Құрметті салық төлеушілер!

     ЕАЭО шеңберінде тауарлар айналымының толассыз бақылануын қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасында ТІЖ ресімдеу бойынша пилоттық жоба басталды, ол ЭШФ АЖ "Виртуалды қойма" модулінде электрондық нысанда ресімделеді.

Пилоттық жоба салық төлеушілерге ТІЖ-мен жұмыс істеуге бейімделуге, олардың есеп жүйелерін және жеткізушілер мен сатып алушылар мен өзара әрекеттесуді орнатуға арналған

     Пилоттық жоба Қазақстан Республикасының аумағында іске асырылады:
      акцизделетін өнімдер, Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкету, сондай-ақ по виртуалды қойма арқылы ЭШФ жазып беруге жататын тауарлар бойынша 2020 жылғы 31 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 1 сәуірге дейін;
      ДСҰ алып қою тізбесінің тауарлары және цифрлық таңбалау қолданылатын тауарлар бойынша 2021 жылғы 1 қазаннан бастап 2022 жылғы 1 тамызына дейін;
      ЭШФ Виртуалды қойма арқылы шығарылуға жататын құрылыс материалдары бойынша 2022 жылғы 1 ақпаннан бастап 2022 жылғы 1 қарашаға дейін.

ТІЖ ресімдеу жөніндегі талап қолданылатын тауарлар бойынша ЭШФ-ны жазып беру мынадай тәсілдермен:
      1) "Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жеткізілгенін растайтын құжат" деген 32-жолда ТІЖ тіркеу нөмірін көрсете отырып, ТІЖ негізінде жүзеге асырылады. Бұл ретте ТІЖ және ЭШФ-да көрсетілетін мәліметтер бір текті болуы тиіс;
      2) "Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жеткізілгенін растайтын құжат" деген 32-жолда осындай ЭШФ жазып берілгенге дейін виртуалды қоймада болған тауарлардың мөлшерінен (көлемінен) аспайтын тауарлардың мөлшерін (көлемін) көрсете отырып, "NON SNT" көрсете отырып, тауарларға арналған электрондық жүкқұжатқа байланыстырусыз жүзеге асырылады.
      Шот-фактураны жазып беру кезінде:
      1) мәміле бойынша шарттың нөмірі мен күні көрсетіледі;
      2) ЕАЭО мүше мемлекеттің аумағынан әкелінген тауарларды өткізген, іске асырған кезде шығарылған жерінің дерек көзі ретінде, ЕАЭО мүше мемлекеттің аумағынан тауарларды әкелу кезінде ресімделген, онда мемлекеттік кірістер органының белгілері болған кезде ТІЖ нөмірі көрсетіледі.
     Техникалық іркілістер кезінде, оның ішінде ерікті тәртіпті қолдану кезінде ТІЖ растауды не растаудан бас тартуды ресімдеу, ТІЖ-ға байланыста ЭШФ жазып беру мерзімдері техникалық қателерді жою және ЭШФ АЖ жұмыс істеу мүмкіндігін қалпына келтіру мен техникалық қателерді жою және ЭШФ АЖ жұмыс істеу мүмкіндігін қалпына келтіру кезеңінен кейін 3 (үш) жұмыс күні кезеңін құрайтын кезеңге тоқтатыла тұрады.
     ТІЖ алушы бас тартқан жағдайда ТІЖ жеткізуші белгіленген мерзімнен кеш ресімдеген, тіркелген ЭШФ-ның "Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жеткізілгенін растайтын құжат" деген 32-жолда көрсетілген нөмірі мен күні, сондай-ақ оның негізінде ЭШФ жазып беру ресімделген ТІЖ-да бас тартылған ТІЖ нөмірін көрсете отырып, ТІЖ бас тартылған күннен кейінгі 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады

 

«Жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімі»

Дата публикации
08 февраля 2022
Дата обновления
08 февраля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы