Меню

Страницы

Статья

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын қалай өзгертуге болады?

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппараты арқылы жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын (өзгерту үшін елді мекен шегінен тыс орналасқан жерлер) электронды үкімет www.egov.kz веб-портал (портал) арқылы өтініш беруіңіз қажет.

Қажетті құжаттар:

- электронды өтініш;

- жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнына тең соманы бюджет кірісіне төлеу қажет болған жағдайда, өзгертілген нысаналы мақсат үшін 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 9-бабы 5-тармағына сәйкес кадастрлық (бағалау) құны мен осы учаске бұрын мемлекеттен сатып алынған баға арасындағы айырмаға тең соманы бюджетке төлеу қажет болған жағдайда, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: Порталға құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап  13жұмыс күні.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы аудан әкімінің қаулысы не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.

Жұмыс кестесі:

Портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілген қызметті алушы  Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Мерекелер туралы заңының 5- бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). 

Аудан әкімінің аппараты - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5 бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұмы аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден  18.30-ға дейін.

Байланыс телефоны: 87277520597

 

Еңбекшіқазақ аудан әкімінің аппараты

Дата публикации
03 февраля 2022
Дата обновления
03 февраля 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы