Мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
1.Мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері (қолжетімділік арналары)
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - 12 (он екі) жұмыс күні.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - электрондық және қағаз түрінде.
көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін алу үшін кезекке қоюға арналған өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат ( жеке басын сәйкестендіру үшін);
порталға жүгінген жағдайда:
мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін алу үшін кезекке қоюға арналған электрондық нысандағы өтініш.
3.Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қағаз тасығышта құжаттарды қабылдағанды растау олардың көшірмесінде күнін, уақытын (сағаты, минуты) көрсете отырып соғылған белгі болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті арнайы есепке қойғаны туралы хабарламасы не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
Басқа да толық мәліметтерді Сөгеті ауылдық округі әкімі аппаратынан ала аласыздар, Мекен жайы: Нұра ауылы, Еспергенов көшесі 23А, тел: 8 (72776) 4-20-15
Сөгеті ауылдық округі әкімінің аппараты