Меню

Страницы

Статья

Бақылау-касса машиналарын салық органында есепке қою

  1. Модельдерi мемлекеттік тiзiлiмге енгiзiлген, техникалық ақауы жоқ бақылау-касса машиналары пайдаланылатын жерi бойынша салық органдарына есепке қоюға жатады.
  2. Бақылау-касса машиналарын салық органында есепке қою мынадай негіздердің бірі:

      1) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары бойынша – фискалдық деректер операторының мәліметтері;

      2) деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналары бойынша – бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтініш бойынша жүзеге асырылады.

      Бұл ретте деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары туралы мәліметтерді фискалдық деректер операторы салық органдарына уәкілетті орган айқындаған тәртіппен береді.

  1. Аппараттық-бағдарламалық кешендерді қоспағанда, деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машинасын салық органына есепке қою үшін:

      1) бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтініш;

      2) фискалдық режимді орнатпастан іске қосу мүмкін болатын, салық төлеуші туралы мәліметтер қамтылатын бақылау-касса машинасы;

      3) нөмірленген, тігілген, салық төлеушінің қолымен және (немесе) мөрімен куәландырылған қолма-қол ақшаны есепке алу кітабы мен тауар чектерінің кітабы ұсынылады.

  1. Деректерді беру функциясы жоқ аппараттық-бағдарламалық кешен болып табылатын бақылау-касса машинасын есепке қою кезінде салық органына мынадай құжаттар:

      1) бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтініш;

      2) аппараттық-бағдарламалық кешеннің функционалдық мүмкіндіктері мен сипаттамаларының қысқаша сипаты;

      3) салық органында есепке қою үшін өтініш жасалған аппараттық-бағдарламалық кешен моделінің "Салық инспекторының жұмыс орны" модулін пайдалану жөніндегі нұсқаулық ұсынылады.

  1. Салық органы бақылау-касса машиналарын есепке қою кезінде осы баптың 2-тармағында көзделген негіздердің бірі туындаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде бақылау-касса машинасының тіркеу нөмірін беруді және тіркеуші органның лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасын қалыптастыруды жүргізеді.
  2. Бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасының, тауар чегінің, қолма-қол ақшаны есепке алу кітабы мен тауар чектерi кiтабының нысандарын уәкілетті орган белгілейді.

 

 

Орындаған:Енбекшіқазақ ауданы бойыншы

Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы

Қостанов Мирхан Жолмуратұлы

Дата публикации
19 января 2022
Дата обновления
19 января 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы