Төтенше жағдай тәртібінің тоқтатылуына байланысты Қор кеңселері ішінара бұрынғы жұмыс кестесіне оралды. Алматы қаласындағы қызмет көрсету кеңселері әдеттегі кесте: сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін салымшылар мен алушыларға қызмет көрсету тәртібін жандандырды.
БЖЗҚ байланыс орталығы салымшылар мен алушылардың сұрақтарына 09:00-ден 18:00-ге дейін жауап береді.
Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ қызметтерін онлайн-форматта да алуға болады. Салымшылар БЖЗҚ сайты мен мобильді қосымшадағы жеке кабинет арқылы кез келген уақытта, әрі кез келген жерде қызмет ала алады. Мысалы, бұған жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірме алу, өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ЖЗШ-ның болуы туралы анықтама алу, мерзімсіз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы, сондай-ақ, ерікті зейнетақы жарналары бойынша өтініш беру, төлемге өтініштің орындалу мәртебесін қадағалау және т.б қызметтер жатады.