287-бап. Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды экспорттау мен импорттау, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде салық төлеушілердің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы, сондай-ақ тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды орындамауы.
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
1) әкелінген тауарлардың қасиеттері мен сипаттарын өзгертпей, кейіннен Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелу кезінде;
2) әкетілген тауарлардың қасиеттері мен сипаттарын өзгертпей, кейіннен Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына уақытша әкету кезінде хабардар етпеу не уақтылы хабардар етпеу –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – есепке жазылған салықтар сомасының он пайызы, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма пайызы, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне отыз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Осы баптың бірінші бөлігінің мақсаты үшін, егер тұлға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларды есепке алуға қабылдамағаны үшін осы Кодекстің 275-бабында көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылуға тиіс болса, мұндай тұлға осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша МКБ-ның
құқықтық және ұйымдастыру жұмысы
бөлімінің бас маманы
А.Исаев