"ЭШФ тақырыбы бойынша жариялау"
Құрметті салық төлеушілер!
ЭШФ жазуға кім міндетті?
(Салықкодексінің 412-бабының 1-тармағы)
- ҚҚС төлеушілер (салық кодексінің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасы);
- алу тізбесіне енгізілген тауарларды өткізу кезінде салық төлеушілер;
- ҚҚС төлеуші болып табылмайтын комиссионер (Салық кодексінің 416-бабында белгіленген жағдайларда);
- ҚҚС төлеуші болып табылмайтын экспедитор (Салық кодексінің 415-бабында белгіленгенжағдайларда);
- импортталған тауарды өткізген кезде салық төлеушілер (оныңимпорттаушыболыптабылатынынақарамастан);
- Мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі.
2021 жылғы 1 сәуірденбастап ЭШФ жазып беруге міндетті: (Салықкодексінің 412-бабының 1-тармағы)
- "Виртуалды қойма"модуліне түскен тауарларды өткізу кезінде ҚҚС төлеуші болып табылмайтын салық төлеушілер;
- салық төлеушілер-жүктерді халықаралық тасымалдау қызметтері бойынша;
- құны 1000 еселенген АЕК мөлшерінен асатын азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша ҚҚС төлеуші болып табылмайтын салық төлеушілер:
- заңды тұлғалар-резиденттер;
ҚазақстанРеспубликасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер;
- жеке кәсіпкерлер;
- жеке практикамен айналысатын адамдар (жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор).
Шот-фактураларды жазып беру мерзімдері: (Салықкодексінің 413-бабы)
- Салық кодексінің 413-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тауарларды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымды жасау күні тура келетін айдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей;
- тауарларды экспорттың кедендік рәсіміне орналастыру мен әкету жағдайында – өткізу бойынша айналым жасалған күннен кейін күнтізбелік 20 күннен кешіктірмей;
– есептелген сыйақы сомасы бөлігінде мүлікті қаржы лизингіне беру кезінде тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей-күнтізбелік тоқсанның қорытындылары бойынша;
-сәйкестендірілген тауарларды сатыпалушының билігіне беруді растайтын тауарға билік ету құжаттары негізінде тауарларды өткізу кезінде – өткізу бойынша айналым жасалған күнге тура келетін айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей;
-өткізу бойынша айналым жасалған күннен ерте емес және осындай күннен кейін күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей – қалған жағдайларда;
- түзетілген шот-фактура бұрын жазып берілген шот-фактураға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет болған кезде жазып беріледі;
- Салық кодексінің 420-бабында қосымша шот-фактураны жазып беру мерзімдері белгіленген.
«Жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімі»