Мемлекеттік қызметшілердің этикалық кодексі, ҚР-ның Конституциясы, ҚР-ның заңдары және мемлекеттік қызметшілердің жалпы моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын талаптарды, сондай ақ олардың мінез-құлығының негізгі стандарттарын белгілейді.
Кодекс халықтың мемлекет органдарына сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.
Көрсетілген негізгі стандарттарға сәйкес, мемлекеттік қызметшілер, Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауы тиіс және т.б.
Сондай-ақ әдеп кодексі, мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уакыттағы мінез-құлық стандарттарын белгілейді. Қызметтен тыс уақытта, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиетін және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуі тиіс.
Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті, олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуға тиіс
Мемлекеттік қызметшілер қызметтік жағдайларын және онымен байланысты мүмкіндіктерді қолғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың мүдделеріне, оның ішінде өзінің оларға көзқарасын насихаттау үшін пайдаланбауға тиіс.
"Салық төлеушілердің ақпараттарын
қабылдау мен өңдеу және салықтық
тіркеу орталығы" бөлімі бас маманы
Меркибаев Ж.Е