Меню

Страницы

Статья

"Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі

 Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 01 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген "Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес, мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалаларының, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мыналарды жолдайды:

      көрсетілетін қызметті берушіге:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жеке меншікке сатуға арналған өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      3) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісі;

      порталға:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған жер учаскесін жеке меншікке сатуға арналған электрондық өтініш;

      2) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің электрондық көшірмесі.

     Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қағаз тасығышта құжаттарды қабылдағанды растау олардың көшірмесінде күнін, уақытын (сағаты, минуты) көрсете отырып соғылған белгі болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - 5 (бес) жұмыс күні.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешімі не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері: тегін.

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-1-бабының 8-тармағының он бірінші және он екінші бөліктерімен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

Жұмыс кестесі: 1) көрсетілетін қызметті берушіде – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

Толығырақ акпаратты «Малыбай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нен алуға болады.

Мекен – жайы: Малыбай ауылы, Розыбакиев көшесі 39а.

Анықтамалық байланыс телефоны: 8(72776)5-07-22

 

«Малыбай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ  

Дата публикации
07 декабря 2021
Дата обновления
07 декабря 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы