Жер учаскелерiн пайдаланғаны үшін төлемақы мемлекет:
1.Жер учаскесiн уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға);
2.Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде, жер қойнауы учаскесін бергенi үшiн алынады, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 559 бап (ары қарай Салық Кодексі).
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 560 бабына сәйкес, аталаған төлемақыны төлеушілер болып Салық кодексінің 559 бабына сейкес жер учаскесін алған тұлғалар, заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін төлемақыны дербес төлеуші ретінде тануға құқылы.
Мыналар, аталған төлемақыны төлеушілер болып табылмайды:
Мыналар салық салу объектісі болып табылады - мемлекет уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) беретін жер учаскесі; пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде берілген жер қойнауы учаскесі.
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасының
Заңды тұлғаларды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы
Алиев О.Д.