Меню

Страницы

Статья

Құрметті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері!

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 4 қазандағы № 408 бұйрығымен «Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары» бекітілген болатын.

         Яғни, балық өсіретін шаруашылықтар мемлекет тарапынан қолдауларға ие болып отыр. Атап айтқанда:

1) бекіре, албырт, тұқы, жайын, цихлид, лат, араван тұқымдас балықтар мен олардың будандарын, шаян тәрізділерді өсіру кезінде пайдаланылатын азықтарды сатып алу шығыстарының 30 (отыз) пайызын (бұдан әрі – %);

2) БӨМ-ды (балық өсіру материалы) сатып алу шығыстарының 50%-ын;

3) БӨБН-ды (балық өсіру-биологиялық негіздеме) сатып алу шығыстарының 50%-ын;

4) дәрілік препараттарды сатып алу шығыстарының 50%-ын;

5) ББТАБҮ-ні (балық басын толықтыратын аналық балық үйірі) сатып алу және оларды күтіп-ұстау шығыстарының 50%-ын өтеу арқылы акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өзіндік құнын төмендетуге арналады.

 

Бұдан өзге, бизнес пен «Атамекен» ҰКП ұсыныстары негізінде 2020 жылғы 4 тамызда ҚР АШМ инвестициялық салымдарды субсидиялау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрықты бекітті. Толықтыруларға сәйкес, қуаты 20 тоннадан бастап тұйықталған сумен жабдықтау (ТСЖ) арқылы балық өсіретін кәсіпорын және қуаты 40 тоннадан бастап тауарлық балық өсіретін орнықты шаруашылықтары құрылысының құнын 25% дейін субсидиялау көзделген. Сонымен қатар қолданыстағы қағидалар аясында көл-тауар шаруашылықтарына арналған жабдықтар мен техниканың құнын 25%-ға дейін субсидиялау қарастырылған.
Субсидия алуға өтінімдер электронды форматта
Qoldau.kz платформасы арқылы ұсынылады.

Қосымша ақпараттар алу үшін аудандық ауылшаруашылығы бөліміне хабарласуларыңызға болады (Есік қаласы, Жамбыл даңғылы, 21, 3-қабат, 301-бөлме, тел.: 8 (72775) 72014)

Дата публикации
15 ноября 2021
Дата обновления
15 ноября 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы