Меню

Страницы

Статья

Малыбай ауылдық округі әкімі аппаратының "Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 01 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген "Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес, «Малыбай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ  (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне мыналарды жолдайды:

           1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін алу үшін кезекке қоюға арналған өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат ( жеке басын сәйкестендіру үшін);

     Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қағаз тасығышта құжаттарды қабылдағанды растау олардың көшірмесінде күнін, уақытын (сағаты, минуты) көрсете отырып соғылған белгі болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - 12 (он екі) жұмыс күні.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: Көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті арнайы есепке қойғаны туралы хабарламасы не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері: тегін.

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-1-бабының 8-тармағының он бірінші және он екінші бөліктерімен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі -  2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

 

Толығырақ акпаратты «Малыбай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нен алуға болады.

Мекен – жайы: Малыбай ауылы, Розыбакиев көшесі 39а.

Анықтамалық байланыс телефоны: 8(72776)5-07-22

 

«Малыбай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ  

Дата публикации
09 ноября 2021
Дата обновления
09 ноября 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы