Меню

Страницы

Статья

"ЭШФ тақырыбы бойынша жариялау"

Құрметті салық төлеушілер!

Қандай жағдайларда шот-фактураны мүлдем жазуға болмайды?

Құжатты қағаз түрінде шығару мүмкіндігімен қатар, шот-фактураны операция бойынша жазуға болмайтын бірқатар заңнамалық жағдайлар бар.

ҚР СК 412-бабының 13-тармағында белгіленген жағдайларда шот-фактураны жазып беру талап етілмейді:

  1. есеп айырысулары жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу:
  2. сатып алушыға БКМ чегін ұсына отырып, қолма-қол ақшамен немесе қызметтерді төлеу терминалдары арқылы; төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықты қолдана отырып жүзеге асырылады.

Бұл босату "алу тізбесіндегі" тауарларға, ӘК тауарларына және импортталған тауарларға қолданылмайды!

  1. есеп айырысулары электрондық ақшамен немесе электрондық төлем құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеке тұлғаларға өткізу;
  2. жеке тұлғаға ұсынылған коммуналдық қызметтер, байланыс қызметтері үшін екінші деңгейдегі банктер, пошта операторы арқылы есеп айырысуларды жүзеге асыру;
  3. теміржол немесе әуе көлігімен жолаушыны тасымалдауды қағаз жеткізгіштегі жол жүру билетімен, электрондық билетпен немесе электрондық жол жүру құжатымен ресімдеу;

 

  1. ЖК немесе жеке практикамен айналысатын адам болып табылмайтын жеке тұлғаға тауарды өтеусіз беру;
  2. ҚР СК 397-бабында көзделген қызметтерді көрсету (қаржылық операциялар).
  3. казино, ойын автоматтары залы, тотализатор және букмекерлік кеңсе қызметі бойынша қызметтер көрсету.

Осылайша, егер сіз бір тармақта көрсетілген тауарларды сатумен немесе қызметтерді көрсетумен айналысатын болсаңыз, онда шот-фактураларды қағаз түрінде де, электронды түрде де жазбауға құқылы.

Алайда! ҚР СК 412-бабының 14-тармағына сәйкес аталған 1 және 2 жағдайда Сатып алушы сатушыға осындай құжатты жазып беру туралы өтінішпен жүгіне алады. Ол талап қою мерзімі - 5 жыл ішінде өтініш бере алады.  Сатушы сатып алушыға мұндай операция бойынша ЭШФ жазып беруден бас тарта алмайды және міндетті.

 

 «Жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімі»

Дата публикации
05 ноября 2021
Дата обновления
05 ноября 2021
Тип
Тұрғындарға арналған ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы