Меню

Страницы

Статья

"Еуразиялық экономикалық одақтағы тауарлар импорты кезінде қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртібі" тақырыбы бойынша жариялау Құрметті салық төлеушілер!

Тауарларды, оның ішінде алыс - беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорттау кезінде салық төлеуші орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына, оның ішінде лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салық кезеңінен кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда не электрондық нысанда ғана ұсынуға міндетті.

Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішпен бір мезгілде салық төлеуші салық органына мынадай құжаттарды табыс етеді:

1) импортталған тауарлар бойынша жанама салықтардың іс жүзінде төленгенін растайтын банктің үзінді көшірмесін және (немесе) импортталған тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесінің орындалғанын растайтын, Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында көзделген өзге де төлем құжатын немесе осы Кодекстің 451-бабының талаптары ескеріле отырып, қосылған құн салығынан босатылғанын растайтын құжаттарды ұсынады.

  1. Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш қағаз жеткізгіште (төрт данада) және электрондық нысанда ұсынылады:

1) Осы Кодекстің 451-бабының 2-тармағына сәйкес қосылған құн салығын төлеуден босатыла отырып және (немесе) осы Кодекстің 428-бабына сәйкес есепке жатқызу әдісімен қосылған құн салығын төлей отырып, тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорттайтын тұлғалар;

2) салық төлеуші осы Кодекстің 459-бабының 2-тармағында көзделген тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішке өзгерістер мен толықтырулар енгізген жағдайда салық төлеушіге береді.

  1. Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті электрондық нысанда ғана ұсынған кезде осы баптың 2 - тармағы екінші бөлігінің 1) - 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттар ұсынылмайды..
  2. Импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы салық төлеушілердің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық кезеңінен кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмей төленеді.

Осы Кодекстің 444-бабының 8-тармағына сәйкес импортталған тауарлардың бағасын ұлғайту жағына қарай өзгерген жағдайда импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы шартқа (келісімшартқа) қатысушылар импортталған тауарлардың бағасын өзгерткен айдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмей төленеді.

  1. Тауарлардың, оның ішінде алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын тауарлардың, лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша тауарлардың (лизинг нысаналарының) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорты кезінде осындай импортталған тауарлар есепке қабылданған немесе лизинг шартында (келісімшартында) көзделген төлем мерзімі басталатын күнтізбелік ай жанама салықтарды есептеу мен төлеу үшін салық кезеңі болып табылады.

 

«Жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімі»

Дата публикации
05 ноября 2021
Дата обновления
05 ноября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы