Меню

Страницы

Статья

«Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру» мемлекеттік қызметтінің тәртібі туралы оның ішінде www.egov.kz. «электрондық үкімет» веб порталы арқылы

Мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері көрсетеді.

 

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері: www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: Бірінші кезең:

1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беруге арналған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

2) жер учаскесінің орналасқан жері схемасының электрондық көшірмесі.

Екінші кезең: түпкілікті келісілген таңдау актісі.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: Бірінші кезең: келісуші органдар мен ұйымдардың оң қорытындыларымен жер учаскесін таңдау актісін дайындау – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні ішінде.

Екінші кезең: көрсетілетін қызметті алушы түпкілікті таңдау актісін келіскен және жер-кадастрлық жұмыстар бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеген жағдайда – кадастрлық жоспарын қоса бере отырып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару – 18 (он сегіз) жұмыс күні ішінде.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: Электрондық.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: Көрсетілетін қызметті берушінің кадастрлық жоспарын қоса бере отырып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешімі не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

 

Жұмыс кестесі: Порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);

 

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметтердің бірыңғай байланыс телефондары: 1414, 8 800 080 7777.

Толық ақпаратты Шелек ауылдық округі әкімі аппаратынан ала аласыздар.

Мекен – жайымыз: Шелек ауылы, Жібек жолы көшесі №40

Анықтамалық байланыс телефоны: 8 (72776) 2-01-55.

 

 

«Шелек ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

Дата публикации
03 ноября 2021
Дата обновления
03 ноября 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы