2020 жылғы 1 қаңтардан бастап аудандық маңызы бар қалаларда, тұрғындарының саны 2000 және одан аз ауылдарда, кенттер мен ауылдық округтерде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті енгізіледі.
Халқының саны 2000 және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер мен ауылдық округтер үшін ЖӨБ бюджетінің төртінші деңгейіне есептелетін салықтарды төлеу 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай бюджеттік сыныптама кодтарына (БСК)аударылуға жатады:
жалпыға бірдей белгіленген режим бойынша патент, оңайлатылған декларация негізінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер үшін:
* 104302-жер салығы (объектінің орналасқан жері бойынша)
заңды тұлғалар үшін:
* 104302-жер салығы (объектінің орналасқан жері бойынша)
адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, сондай-ақ мүліктік кіріс алған жеке тұлғалар үшін:
жергілікті салықтарды төлейтін жеке тұлғалар үшін:
* 104302-жер салығы (объектінің орналасқан жері бойынша)
Маңызды! Салықтарды төлем құжаттарында (түбіртектерде, төлем тапсырмаларында) аудару кезінде, сондай-ақ салық есептілігі нысандарын толтыру кезінде салық төлеушілер ауылдық округтің БСН көрсетуі тиіс.
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша МКБ-ның Жетекшi.маманы: Шайки Т.М.
Тел. Анықтама үшін: 8727 75 7 56 02