Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Қаражота ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі арқылы, жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
«Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын қағидаларға сәйкес, «электронды үкімет вебпорталы» (бұдан әрі портал) арқылы өтініш беруіңіз қажет.
Мемлекеттік қызмет алу үшін жеке және заңды тұлғалар портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге мыналарды ұсынады:
1-кезең: өтініш, сұралып отырған жер учаскесінің схемасы.
2- кезең: түпкілікті келісілген таңдау актісі.
Көрсетілетін қызметті беруші, мемлекеттік қызметті екі кезеңде көрсетеді;
1 кезең: жер учаскесін таңдау актісін, оның ахуалдық схемасын, сәулет – жоспарлау тапсырмасын дайындау – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні ішінде:
2 кезең: көрсетілетін қызметті алушы түпкілікті таңдау актісін келіскен және жер-кадастрлық жұмыстар бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеген кезде – 18 (он сегіз) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару:
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Кодекстің 43-бабының 3-тармағының алтыншы бөлігінде және 6-1-тармағында, 49-2-бабының 6-тармағының екінші бөлігінде, 50-бабының 2 және 2-1-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) Кодекстің 44-1-бабының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұранымға келісуші органдардың теріс жауабы.
Қосымша ақпаратты Қаражота ауылдық округі аппаратынан, Қаражота ауылы, Иманов көшесі, 8-үй мекенжайынан немесе 8 (72776) 5-10-08 нөмері бойынша ала аласыздар.
«Қаражота ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.