ЕАЭО шеңберінде тауарлар айналымының толассыз бақылануын қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасында ТІЖ ресімдеу бойынша пилоттық жоба басталды, ол ЭШФ АЖ «Виртуалды қойма» модулінде электрондық нысанда ресімделеді.
Пилоттық жоба салық төлеушілерге ТІЖ-мен жұмыс істеуге бейімделуге, олардың есеп жүйелерін және жеткізушілер мен сатып алушылармен өзара әрекеттесуді орнатуға арналған
ТІЖ міндетті енгізуге дайындау үшін қосымша уақыт беру туралы бизнес-қоғамдастықтың келіп түскен ұсыныстарына байланысты акцизделетін тауарлар, ЕАЭО шеңберінде Импорт/Экспорт және «Виртуалды қойма» тауарлары бойынша пилоттық жобаның мерзімдерін 2022 жылғы 1 сәуірге дейін ұзарту туралы шешім қабылданды.
ТІЖ ресімдеуге жатады:
2.Қазақстан Республикасының аумағында ДСҰ-ны алып қою тізбесінен тауарларды өткізу кезінде;
3.Тауарларды жеңіл автокөлікпен әкелуді қоспағанда, тауарларды ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде;
4.ДСҰ-ны алып қою тізбесінен тауарларды және (немесе) акцизделетін тауарларды және (немесе) электрондық шот-фактуралар Виртуалды қойма арқылы шығарылуға жататын тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағына әкету кезінде;
5.Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарларды жеңіл автокөлікпен әкетуді қоспағанда, тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына әкету кезінде;
6.Электрондық шот-фактуралар Қазақстан Республикасының аумағында Виртуалды қойма арқылы жазып берілуге жататын тауарларды өткізу кезінде жүргізіледі.
ҚР СК 176-бабына сәйкес ТІЖ бойынша ресімдеу және құжат айналымы тәртібін уәкілетті орган белгілейді. Тәртіп Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №1424 бұйрығымен бекітілген. Бұл ретте көрсетілген НҚА жеке тұлғалардың ТІЖ ресімдеу, сондай-ақ растау бойынша міндеттемелер көзделмеген, тиісінше мұндай тұлғаларға әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылмайды.
«Жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімі»