Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгідей бейбіт, берекелі өмірі Президент пен өкіметіміздің бекітіп берген заңдары мен қаулыларының нақты нормалары жүзеге асып, біртұтас елдігіміздің арқасында айбынды мемлекетке айналғанымызбен айқындалады. Сондықтан мүмкіндігіндімізді кемел келешекке жұмсап, қуатты Қазақстанның өсіп-өркендеуі үшін, әрбір мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкері міндетті борышын өтегені абзал, яғни, мемлекеттік кірістер органдарының жұмысына қоғамның қанағаттануын қамтамасыз ету. Бұл тек сапалы қызмет көрсету ғана емес, ол- қоғам үшін ашықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес пен қызметтің айқындығы әрі ауданымызда салық мәдениетін көтеру болып табылады. Расында да, қоғамды іштен ірітетін жемқорлықтың тамырына балта шабу ұлттың қамын ойлаған әрбір қазақ азаматының міндеті.
Еңбекшіқазақ ауданы
бойынша мемлекеттік кірістер
басқармасының
мәжбүрлеп өндіру бөлімі