Меню

Страницы

Статья

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап бюджеттің 4-ші деңгейіне (ЖӨБ) аудару үшін БСК!

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап аудандық маңызы бар қалаларда, тұрғындарының саны 2000 және одан аз ауылдарда, кенттер мен ауылдық округтерде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті енгізіледі.

Халқының саны 2000 және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер мен ауылдық округтер үшін ЖӨБ бюджетінің төртінші деңгейіне есептелетін салықтарды төлеу 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай бюджеттік сыныптама кодтарына (БСК)аударылуға жатады:

 

жалпыға бірдей белгіленген режим бойынша патент, оңайлатылған декларация негізінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер үшін:

 

  • 101202-төлем көзінен салық салынбайтын табыстар бойынша жеке табыс салығы (қызметті жүзеге асыру орны бойынша)

* 104302-жер салығы (объектінің орналасқан жері бойынша)

  • 105430-сыртқы көрнекі жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы (жарнаманы орналастыру орны бойынша)

 

заңды тұлғалар үшін:

 

* 104302-жер салығы (объектінің орналасқан жері бойынша)

  • 104401-Заңды тұлғалардан алынатын көлік салығы (объектіні тіркеу орны бойынша)
  • 105430-сыртқы көрнекі жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы (жарнаманы орналастыру орны бойынша)

 

адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, сондай-ақ мүліктік кіріс алған жеке тұлғалар үшін:

 

  • 101202-төлем көзінен салық салынбайтын табыстар бойынша жеке табыс салығы (қызметті жүзеге асыру орны бойынша)
  • 105430-сыртқы көрнекі жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы (жарнаманы орналастыру орны бойынша)

 

жергілікті салықтарды төлейтін жеке тұлғалар үшін:

 

  • 104102-Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық (объектінің орналасқан жері бойынша)

* 104302-жер салығы (объектінің орналасқан жері бойынша)

  • 104402-Жеке тұлғалардан алынатын көлік салығы (жеке тұлғаның тұрғылықты жері бойынша)

 

Маңызды! Салықтарды төлем құжаттарында (түбіртектерде, төлем тапсырмаларында) аудару кезінде, сондай-ақ салық есептілігі нысандарын толтыру кезінде салық төлеушілер ауылдық округтің БСН көрсетуі тиіс.

 

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша МКБ-ның Жетекшi.маманы: Шайки Т.М.

Тел. Анықтама үшін: 8727 75 7 56 02

Дата публикации
11 октября 2021
Дата обновления
11 октября 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы