2021 жылдың есепті кезеңінде, бекітілген кестеге сәйкес, ауданның ведомствоаралық комиссиясымен аудан әкімдігінің 24 мемлекеттік органы жұмыс жасады.
Жұмыс сапарының нәтижесінде Қазақстан Республикасының Мүгедектердің құқықтарын қорғау және мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының 61 бұзылуы анықталды (белгіленген нормаларға сәйкес келетін пандустардың болмауы, нашар көретін және зағип адамдар үшін жағдайлар жасалмаған).
Қазіргі уақытта 46 ұсыныс орындалды: ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға арналған автотұрақ орны қарама-қарсы сызықтармен белгіленген, Зағип және нашар көретін қызмет алушыларға арналған стендтер ілінген (оның ішінде мемлекеттік органның атауы мен Брайль қарпімен жұмыс кестесі бар тактильді маңдайша), пандустар белгіленген стандарттарға сәйкес ретке келтірілген. 15 ұсыныс орындалуда.
Бұдан әрі енгізілген ұсынымдардың орындалуы Ведомствоаралық комиссияның пост-бақылау әдісімен тексерілетін болады.
Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты
мемлекеттік қызметтер мониторингі
және ақпараттық технологиялар бөлімі