Еңбекшіқазақ ауданының әкімі А.Жақанбаевтың медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтауға арналған СӨЗІ
Есік қаласы 18 маусым, 2021 жыл
Құрметті ақ халатты абзал жандар!
«Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық – ақ жаулық, үшінші байлық – он саулық» - дейді қазақ даналығы, ең алдымен саналы да жарқын өмір сүру үшін баршамызға денсаулық қажет.
Осы тұста, дәуір мен өркениет алмасып жатса да, дені сау ұлттың сақшысы болып отырған Сіздердің - кәсіптеріңіздің мерейін үстем етіп, жерлестеріміздің денсаулығын нығайтып, оны сақтауға зор үлес қосып қана қоймай, әр науқастың жанына желеу болып, ауруға қарсы тұрып, саулығын қалыптастырып, адам бойына өмірлік күш-қуат беріп, жігерін жандырып, ғажайып туғыза білген мейірімді жүректеріңізбен,
епті қолдарыңызбен адамзаттың көкейіне сенімділік ұялата білгендеріңіз үшін Сіздерге алғыс айта отырып, ажарлы да, жауапты медицина қызметкерлері күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіз мемлекетіміздің саяси жолы бірінші кезекте, жыл артқан сайын әлеуметтік салаға, оның ішінде медициналық қызметтің сапасын жетілдіру бағытына көп көңіл бөлуде.
«Халық денсаулығы ол — Қазақстанның өзінің стратегиялық мақсаттарына жетудегі табысының ажырамас құрамдас бөлігі», — деген Елбасының сөзі есіме түсіп отыр. Бұл ақиқатында солай. Бүгінде ұлттық құндылығымыз — баға жетпес адам өмірін сақтауда, олардың толыққанды күшпен еңбек етіп, шығармашылықпен айналысуында, сондай-ақ қоғамның белсенді мүшесі болып табыла білуінде болып отыр, бұл тұста, медицина қызметкерлерінің еңбегі ауыр әрі құрметті және әр адамға бұйыра бермейтін, әр адамның қолынан келе бермейтін, арнайы дайындықпен дарынды қажет ететін мамандық деп ойлаймын.
Уважаемые работники здравоохранения! Ветераны отрасли!
Примите самые теплые и сердечные поздравления с профессиональным праздником – Днем медицинского работника!
Профессия врача полностью посвящена служению людям. Она требует от Вас не только верности клятве Гиппократа и богатых знаний, но и бесконечного терпения, стойкости, чуткости и душевной щедрости. Нелегким повседневным трудом Вы охраняете величайшие ценности, дарованные нам - жизнь и здоровье. В медицине не бывает случайных людей.
Душевная щедрость, гуманизм, милосердие, нередко и самопожертвование – эти бесценные качества непременно присущи настоящему медицинскому работнику. Ваш нелегкий труд на благо людей был и есть каждодневный подвиг, достойный преклонения и уважения.
Здравоохранение района с каждым днем наращивает свой потенциал: возводятся новые и модернизируются уже действующие медучреждения. Осваиваются современные высокотехнологичные методы лечения и диагностики. Успешно действует колл-центр для записи пациентов по мобильному, стационарному телефонам и интернету.
Уважаемые работники здравоохранения!
В этот праздничный день от всей души выражаю вам благодарность за самоотверженный труд. Примите искренние пожелания профессиональной самореализации, благополучия, здоровья, счастья!
Пусть всё, что вы делаете, даёт положительный результат, пусть даже самые тяжёлые недуги отступают! А самой большой наградой для вас станут благодарные улыбки ваших пациентов!
Құрметті медицина қызметкерлері!
«Адамның басты байлығы денсаулық.» - дейді халық даналығы, аянбай атқарып жатқан еңбектеріңіз, мейірім мен адамгершіліктеріңіз, жауапкершіліктеріңіз, халықтың денінің саулығы үшін қосқан және қосатын үлестеріңіз шексіз.
Сіздерді осы кәсіби мерекелеріңізбен тағы да құттықтай отырып, отбасыларыңызға құт-береке, мол ырыс, өздеріңізге күш-жігер, жұмыста алға қойылған межелеріңізге жете берулеріңізге тілектеспін.
Рахмет!