Қаражота ауылдық округінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі туралы, оның ішіндет «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметін ұсыну бойынша.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қаражота ауылдық округі әкімінің аппараты арқылы, тегін жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі.
«Сауда –саттықты (конкурстарды,аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу » мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын қағидаларға сәйкес, «электронды үкімет веб-порталы» (бұдан әрі - портал) арқылы өтініш беруіңіз қажет.
Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге мыналарды ұсынады:
1-кезең: өтініш; сұралып отырған жер учаскесінің схемасы.
2-кезең: бекітілген жерге орналастыру жобасы.
Көрсетілетін қызметті беруші, мемлекеттік қызметті екі кезеңде көрсетеді:
1-кезең: сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналық мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін таңдау актісін дайындау, жер комиссиясының қорытындысын беру 12 жұмыс күн ішінде.
2-кезең: жер учаскесіне жалдау құқығын беру туралы шешім, бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен сәттен бастап 3 жұмыс күн ішінде.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі, көрсетілген қызметті берушінің жер учаскесіне жалдау құқығын беру туралы шешім, не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту туралы жер комиссиясының қорытындысы.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және мерекелер туралы заңының 5- бабына сәйкес, жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Қосымша ақпаратты Қаражота ауылдық округі аппаратынан, Қаражота ауылы, Иманов көшесі, 8-үй мекен-жайынан немесе 8 (72776) 5-10-08 нөмері бойынша ала аласыздар.
«Қаражота ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.